Алматыда жаяу жүргіншілер өткелі салынды

Алматыда тұрғындардың өтініші бойынша жаяу жүргіншілер өткелі салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рысқұлов даңғылының бойында «Парасат» тұрғын үй кешенінің жанында жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Тұрғындар Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесуде жаяу жүргіншілер көпірін орнатуды сұраған еді.

Құрылыс осы жылдың 2-тоқсанында басталып, қыркүйекте аяқталды. Жаяу жүргіншілер өткелі барлық талап пен стандартқа, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып салынған. Жаяу жүргіншілер көпірі көтергіш құрылғымен жабдықталып, тактильді тақталар орнатылған.

Металл конструкциясына берік болат пайдаланылған, бұл сейсмикалық жағдайда бүкіл құрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Рысқұлов даңғылындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі қауіпсіз орынмен қатар, барлық санатты халық үшін ыңғайлы әрі жайлы орынға айналды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы