Алматыда жаяу жүргінші жолағы маңында адамды көлік қақты
Алматы, BAQ.KZ. Түнде жаяу жүргінші жолағы жанында адамды көлік қағып кетті. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Оқыс оқиға Науаи мен Тоқтабай көшелерінің қиылысында орын алған. Lada Vesta көлігінің жүргізушісі Науаимен солтүстік бағытқа кетіп бара жатқан. Кенеттен бұрылыстан жас жігіт жол бойына жүгіріп шығады. Жүргізуші көлікті тоқтатып үлгермеген.Соққының қатты болғаны сондай көлік бүлінген, ал жас жігітті бірнеше метрге дейін ұшырып жіберген.
Көлік адам қаққан жерге бірден екі жігіт келіп, жарақат алған жігіт достары екенін хабарлаған. Олар жаяу жүргінші жолағына кетіп бара жатқан, алайда артында еріп келе жатқан достары жолаққа 10 метрдей жетпей жолдан өтпек болғаны анықталды.
Соққы алған жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде көлік жүргізушісі де жарақат алған. Көліктің алдыңғы әйнегі оның бетін кесіп кеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Иван Дычко америкалық боксшыны жеңді
Өзгелердің жаңалығы