Алматыда жауын-шашынға байланысты өзендердің деңгейі көтерілді

Алматыда жауын-шашынға байланысты бірнеше өзенде су деңгейі көтерілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәлеметінше, қазір қалада «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 10 гидропосты жұмыс істейді.

 Қала арқылы Ақсай, Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы өзендері ағады. Жауын-шашынға байланысты өзендерде су деңгейі шамалы ғана көтерілгені байқалады, сондай-ақ көлбеу ағынға байланысты судың лайлануы 2 баллға дейін артты, - делінген Алматы қаласының ТЖД хабарламасында.

«Қазселденқорғау» мамандары өзен арнасы мен тұндыру бассейндерін тереңдету жұмысын жүргізген.

26 наурыздан бастап Алматы ТЖД жеке құрамы жұмыстың күшейтілген нұсқасына ауыстырылды, жедел штаб жұмыс істейді, қосымша тәулік бойы “Қазселденқорғау“ қалалық филиалы механикаландырылған бригада құрды. Сондай-ақ самосвалдар, тиегіштер, кран мен экскаватор тарта отырып, олар коммуналдық қызметтермен бірлесіп өзен арнасы мен тұндыру бассейндерін тереңдету жұмысын жүргізді, - деді Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы