Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктердің үстіне ағаш құлап жатыр
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында түнде және күннің бірінші жартысында жауын-шашын мен қар қалың жапты. Соның салдарынан ағаштар сынып, көліктердің үстіне құлап жатыр.
Түнде мегаполистегі Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында орналасқан метеостанцияның хабарлауынша, жауын-шашынның мөлшері 16 мм құрап, қар жамылғысының биіктігі 7 см болған.
Алматы қаласы Құтқару қызметінің мәліметінше, түнде және таңертең жолда мұз байқалған, ал желдің күші 2 м/с құрапты. Ауаның температурасы Цельсия көрсеткіші бойынша 0,2 градус болды.
Нәтижесінде мегаполистің бірнеше аудандарында апаттық бұтақтар мен ағаштар құлады деген 8 ақпарат түсті. Үш мекен-жай бойынша 4 автокөліктің зақымдалуы тіркелді. Ағаштардың құлауымен жеке тұрғын үйдің аумағын су басу салдарын жоюға, Алматы қаласы Құтқару қызметінен 5 бірлік арнайы техника мен жеке құрамынан 17 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ,-делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Маралдың мүйіздері салынған қораптар ұрланды
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы