Алматыда жауған алғашқы қар жарты айлық нормадан асып кетті
Алматыда соңғы тәулікте шамамен 20 мм қар жауды. Бұл қараша айындағы жауын-шашынның орташа нормасының жартысына тең, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
4 қараша сағат 20:00-ден бастап қарқынды тазалау жұмыстары басталды: жолдарды сыпыру, мұзға қарсы өңдеу жүргізіліп, көпірлерге, жолайрықтарға және жаяу жүргіншілер аймақтарына ерекше назар аударылуда. Таудағы температураның күрт өзгеруінен көктайғақ пайда болды. Тайғақ учаскелер “Алматы Тазалық” және мердігер ұйымдардың күшімен жедел өңделуде, – деді әкімдікте.
Қала көшелерінде тәулік бойы құм себушілер, жол сыпыру машиналары, тиегіштер және қосалқы техника жұмыс істеп тұр.
Айта кетейік, 4 қараша кешке Алматыда алғашқы қар жауған болатын. Қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.