Алматыда жаттығудан шыққан жасөспірім көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Бұл қайғылы оқиға жайлы жасөспіріммен бірге жаттығатын балалардың бірінің анасы әлеуметтік желіде жазды.

Кеше менің ұлыммен оның командалас достары қайғылы оқиғаны бастан кешірді. Олардың көз алдында қатарластары бақилық болды. Бәрі жаттығудан шыққан соң болған, - деп жазды Жібек Жолдасова Facebook-тегі парақшасында.

Баласының айтуынша, бұл күні ауыр жаттығу болмаған, аздап дене қыздырып, кейін тек ойнаған.
Жасөспірім кенеттен жүрегін ұстап, құлап қалған. Екі жедел жәрдем бригадасы келді, өкінішке қарай оны тірі алып қала алмады. Баланың жасы бар болғаны 13-15 жаста. Денсаулығы туралы анықтама жаттығудың бірінші күнінен бастап талап етіледі. Жаттығуға барып жүрген балалардың барлығы ондай анықтаманы өткізген, - деп жазды әйел.

Қаланың денсаулық сақтау басқармасы бұл жайтты растап отыр. Олардың айтуынша, бала жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Ал Алматы қаласының полиция департаменті аяқасты көз жұмған баланың ісі бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.
15 жастағы жасөспірімнің кенеттен көз жұмуына байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Өлім салдарын анықтау мақсатында медициналық сот сараптамасы жасалады, - дейді полициядағылар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы