Алматыда жатақхана өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Өрт Жетісу ауданындағы Ангарская көшесінде болған. Бұл туралы алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖ департаментіне жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабарлама 14 желтоқсан күні сағат 12:42 минутта келіп түскен.
Өрт сөндірушілер келгенде 3 қабатты ғимараттың 1-қабатында орналасқан қойма жанып жатқан.
2-ші және 3-ші қабаттарда жатақхана орналасқан. Тұрғындардың көпшілігі үй-жайдан өздері шыққан, бірақ жатақхана дәлізіндегі жоғары температура мен қою түтіннен 1972 жылы туған тұрғын аяғының жарақатына байланысты өздігінен сыртқа шыға алмай қалған.Өрт сөндірушілер зардап шегушіні құтқарып, ЖМЖ бригадасына табыстады,-делінген хабарламада.80 шаршы метр аймаққа жайылған қызыл жалын сағат 13:27 кезінде тоқтатылды.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 60-тан астам адам, газ-түтіннен қорғау қызметінің 6 тобы және 15 бірлік техника жұмылдырылып, 5 өрт оқпандары жұмылдырылған. Өрттің 1920 шаршы метр аумақтағы ғимаратқа жайылуына және адамдардың жарақат алуына жол берілмеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
КВИ белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы тіркелді
Келесі жаңалық
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Өзгелердің жаңалығы