Алматыда жасыл желектерді өңдеу басталды

14 сәуірде қалада жасыл желектерді зиянкестерден өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ағаштарды сақтау және олардың зиянды микроазғаларға төзімділігін арттыру үшін жүргізіледі. Биыл бірінші кезеңде емендер төрт рет, теректер екі рет өңделеді. Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары 2,3 млн астам ағашты қамтиды. 

Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу жұмыстары түнде және таңғы уақытта жүргізіледі. Өңдеу үшін қауіптілігі төмен биологиялық препарат қолданылады. Ол қоршаған ортаға, адамға, үй жануарларына, құстарға, жәндіктерге зиян келтірмейді. 

Өңдеу 4 кезеңде жүргізіледі: 14 сәуірден 20 мамырға дейін; 30 мамырдан 30 маусымға дейін; 10 шілдеден 10 тамызға дейін; 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы