Алматыда жастарға арналған жұмыс жәрмеңкесі өтіп жатыр
Алматы қаласының Әуезов ауданында жұмыссыз жастарға арналған Мансап күндері өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы ұйымдастыруымен қаланың әр ауданында өтіп жатыр.
Бізге келгендердің көпшілігі 18-36 жас аралығындағы жастар болғандықтан, жәрмеңке жайлы ақпаратты әлеуметтік желілер арқылы оқу орындарында таныстырып жатырмыз. "Jas Almaty" мобильді қосымшасы іске қосылды. Жәрмеңкеде 50-ден астам әртүрлі жұмыс берушілер бар. Олардың көпшілігі банк қызметі, қоғамдық тамақтану орындарынан келіп отыр. Мұндай жәрмеңке биыл бізде төртінші рет өтіп жатыр. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен қаланың сегіз ауданында өткізіледі. Әр жәрмеңкеде 600-1000 астам жастар келіп, түйіндемелерін қалдыруда. Жәрмеңке таңғы сағат 10.00-ден түскі 15.00-ге дейін жалғасады. Жұмысқа орналасу, түйіндемені дұрыс жазу сынды семинарлар да өткізіледі, - дейді ұйымдастырушы Ақарыс Төребеков.
"Almaly Career Day" жәрмеңкесіне келгендердің көпшілігі жастар – колледждің, ЖОО-ның студенттері.
Менің жасым 16-да. Бүгінгі іс-шара ұнады. Құрбыларыммен келдім. Жазғы демалысымда бекер жатпай, жұмыс істеуді ойлап жүргенмін. Енді, міне, өзіме ұнайтын мамандыққа ұсыныс тастап кеттім. Өзіме би билеу ұнайтын. Өзіме ұнамайтын мамандыққа түссем де, жүрегім қалаған салада жұмыс істей аламын, - дейді студент Еркенұр Серік.
Іс-шараға 50-ден астам IT, қаржы, білім беру және басқа да әртүрлі салалардағы жетекші компаниялар қатысты.
Біз бүлдіршіндерге балабақшада сабақ береміз. Біздің өнім – отандық. Қазіргі уақытта басқа қалалардан ұсыныс түсіп жатыр. Сол себептен мамандардың тапшылығы сезілуде. Бұл іс-шара бізге де білімді және білікті жастарды жұмыспен қамтып, өз қатарымызға қосуға үлкен мүмкіндік берді,- дейді жұмыс беруші Қанат Атабаев.