Алматыда жастарға арналған бос жұмыс жәрмеңкесі өтеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Өз жолыңды таңда» атты бос жұмыс фестивалі бірінші кезекте жас мамандарға арналған, алайда бұл күні жұмыссыз жүрген барлық адам жұмыс берушімен тікелей жүздесе алады.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – жұмыс беруші мен колледж, ЖОО түлектерімен кездесіп, сұраныстағы мамандықтар бойынша оларды жұмыса орналастыру.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесу барысында жұмыс берушілер өз мекемелері жөнінде презентация жасап, талаптарына сай қажетті кадрларады таңдап алады.
Жұмыс іздеушілер әр сала бойынша бос жұмыс орындарымен танысып қана қоймай, жұмыс берушімен тікелей байланысып, еңбек заңнамасы бойынша кеңес ала алады. Өзіне сай жұмыс таба алмағандардың қалалық жұмыспен қамту орталықтары арқылы біліктілігін арттыру жөніндегі курстарға жазылуына мүмкіндігі бар. Оған қоса жұмыс орны мен оқыту бойынша да тегін кеңестер беріледі.
«Өз жолыңды таңда» атты жәрмеңке 7 сәуір сағат 11.00 мен 13.30 аралығында «Әділет» колледжінде болады. Мекенжайы: Гагарин даңғылы 135а, мәжіліс залы.