Алматыда жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

«Балуан Шолақ» спорт кешенінде колледж, ЖОО түлектері мен жастарға арналған CAREER TIME қалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға қаладағы 200-ден астам жұмыс беруші мен 5 мыңға жуық адам қатысты. Олар 35 жоғары оқу орнының, 83 колледждің түлектері және жұмыссыз жастар. 

Мамандар жәрмеңке қонақтарына еңбек заңнамасы бойынша ақпарат беріп, шеберлік сыныптарын өткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы