Алматыда жастар үшін тағы бір коворкинг-орталық ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасының Жастар жылын жариялауы аясында Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының базасында еліміздегі алғашқы «Jas Otan» коворкинг-орталығы ашылды. 

Open Space қағидасы бойынша жаңа жастар орталығы бірнеше аймақтарға бөлінген, олар: IT station, 1000 әдебиетті кітапханасы бар Reading platform, семинарлар, тренингтер өтетін Meeting room және басқалары. Осының барлығына қаладағы белгілі меценаттар Әміржан Нәбиевтің, Вячеслав Банщиковтың және Қайыржан Мимикеновтың қолдауы арқасында қолжетті. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жастарға, олардың идеялары мен ұсыныстарына қолдау көрсету ел Президенті Қасым-Жомарт Токаевтың басты мақсаттарының бірі екенін атап өтті. Бұрындары мұндай қалалық коворкинг-орталықтар Алатау және Наурызбай аудандарында ашылып, жастар үшін шеберлік сыныптары, түрлі тренингтер, сырттан келген жастардың жұмысқа орналасуына қатысты кеңестер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұдан өзге, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы жастардың зияткерлік орталық болып қайта құрылды. Бұрынғы трамвай депосының базасында жас алматылықтар үшін Лофт-орталықтың екінші кезеңі «Depo Evolution Park» ашу жоспарланған. 

Елбасының Бес әлеуметтік бастамасы бойынша қалада 20 мың орынды 38 жатақхана салу жоспарланған. Қазірдің өзінде төрт жатақхана іске қосылды, жақын арада бесеуі ашылады. Екі жыл ішінде 200 жас отбасы «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы бойынша пәтер алды. Кәсіби және техникалық білімге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 30 мыңнан астам жастар жұмысшы және сервистік мамандықтарды тегін алуда. 

Бүгін жаңа коворкинг-орталықта «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек бірлестіктің жаңа мүшелеріне жаңа партия билеттерін тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы