Алматыда жасөспірім таксиде жолаушыны зорлап, тонап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 17 жастағы такси жолаушысы қасындағы жолаушыны зорлап, онымен қоймай алтын бұйымын ұрлап кеткен.
Zakon.kz хабарлауынша, оқыс оқиға 9 қазанда болған.
Іле аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жүгінді. Ол оған қатысты зорлық-зомбылық жасалғанына, құнды заты ұрланғанына шағымданды. Арызы бойынша ол Алматы қаласының №1 темір жол вокзалынан таксиге отырып, үйіне қайтпақ болған. Жол-жөнекей такси жүргізушісі жолаушы өтініші бойынша Түйменбаев ауылы маңында далалы жерге тоқтаған. Сол жерде артқы орынға ауысып, такси жүргізушісінің көзінше қызға тап беріп, зорлап, құнды затын ұрлап кеткен, - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД.
Қылмыстық құқық бұзушылық ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі, 120-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде 17 жастағы Бұрындай ауылының тұрғыны ұсталды. Күдікті зорлық-зомбылық жасағанын мойындады. Тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеу кезеңінде оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдады, - деп қосты полицейлер.
22 жастағы такси жүргізушісі күдіктінің ауылдасы болып шықты. Қазіргі уақытта ол да полиция бөліміне жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде оның әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі. Басқа мәлімет жария етілмейді, - деп қорытындылады ведомстводағылар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы