18 Қараша 2024 2024, 18:22
Фото: -архив
Алматыда жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің бірінен құлап кетті
Қайғылы оқиға 18 қараша күні Әуезов ауданында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қайғылы оқиға 18 қараша күні Әуезов ауданында болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, шамамен 11-12 жас шамасындағы бала көпқабатты үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен.
Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды,- деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.