Алматыда жасөспірім екі жасар баланы жерге алып соғып, қашып кеткен

Желіде жасөспірімнің екі жасар баланы жерге соққан сәті түсірілген видео жарияланды. Зардап шеккен баланың қолы сынған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Баланың анасының айтуынша, ұлы жасөспірімнің қолынан зардап шеккен. Екі жасар ұлы аулада ойнап жүрген. Сол кезде қасына 13 жастағы бала келіп, қолына көтеріп, жоғары лақтырып жіберген де, құлағын жауып қашып кеткен.

Оқиғаға дәлел ретінде Зарина Сапар өз парақшасында бейнебақылау камерасынан алынған жазбаны жариялады.

Осы сәтте біз дереу жедел жәрдем шақырып, №2 қалалық балалар ауруханасына бардық. Ол жерде рентген түсіріп, қолын таңып қойды. Мен дәрігерден баланы басынан аяғына дейін толық тексеруді өтінгенімде, ол: «Егер балаңызда құсу немесе тырысу жоқ болса, демек, бас-ми жарақаты жоқ» деді, – деп жазды зардап шеккен баланың анасы.

Әйелдің айтуынша, оқиғадан кейін олар жасөспірімді өз бетімен іздеген, бірақ таба алмаған. Содан кейін полицияға жүгінген. Келесі күні құқық қорғаушылар жасөспірім кәмелетке толмағандықтан, жауапкершілікке тартылмайтынын айтқан. Алайда артынша жасөспірімнің ата-анасы табылған.

24 тамыз кешке жасөспірімнің ата-анасы кешірім сұрап, баланың еміне кететін барлық шығынды өз мойындарына аламыз деді. Бірақ 25 тамыз күні мен оларға қайта барғанымда, олар баланы тек қалалық ауруханада ғана қарату керек, ал МРТ мүлдем зиян деп айтты, – деп жеткізді әйел.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін процессуалдық шешім қабылданады, – деді қалалық ДП-да.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы