Алматыда жас жігіт әпкесімен бірге «вакцина паспортын» сатқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жас жігіт емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесімен бірге «вакцина паспорттарын» сатқан. Туыстардың заңсыз әрекеттерін криминалдық полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықтады.
Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Біздің назарымызға бірінші болып 22 жастағы А. есімді азамат түсті, ол алаяқтықтың барлық ұйымдастырушылық бөлігін жүзеге асырған: әлеуеттік желіден клиенттер тауып отырған, келіссөздер жүргізіп, төлемді электронды аударымдар арқылы қабылдаған. Содан кейін техникалық жағын жүзеге асыру үшін қаладағы емханалардың бірінде медбике болып жұмыс істейтін әпкесін қосты. 25 жастағы М. есімді азаматша өз кезегінде КВИ-ге қарсы егілгендердің мәліметтер базасына «клиенттерінің» деректерін енгізіп отырған. Біз іс жүргізу тәртібімен М. есімді азаматшаның жұмыс орнында іздеу жүргіздік. ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелген қылмыстық іс материалдарына, кеңсе техникасын және профилактикалық егулерді тіркеу құжаттамасын тіркедік және тәркіледік, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Екі айыпталушы да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеуді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің екі тікұшағы Түркияда орман өрттерін сөндіріп жатыр
Келесі жаңалық
Жамбыл облысының 85 жылдығы кең көлемде атап өтілді
Өзгелердің жаңалығы