Алматыда жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмыс 37,4% төмендеді, деп хабарлайды Polisia.kz.


Кәмелетке толмағандар жасаған ауыр қылмыс түрлерінің саны 31,6% төмендеді. Аса ауыр қылмыстарға жол берілмеді. Талдау көрсеткендей, қылмыстардың жартысынан көбін басқа қалалардан келген жасөспірімдер жасаған. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстар саны 48,8%-ға азайды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамның және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен жеті жалпықалалық жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілді – «Жасөспірім», «Демалыс», «Қауіпсіз мектеп», «Жақсылық бәріне қолжетімді», нәтижесінде 396 жасөспірім мен 340 қолайсыз отбасы анықталып, ІІО-ға тіркеуге қойылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қараусыз қалған 210 бала орналастырылды. Кәмелетке толмағандардың 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында және 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз жүргені үшін 3 мың 420 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі тұтқаларының бірі – қала және аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялармен өзара әрекеттесу. Комиссия отырыстарында жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың мүдделері үшін түрлі фактілер бойынша 147 материал қаралды. Олардың нәтижелері бойынша 24 ата-анаға соңғы шара қолданылды, ата-аналық құқығынан айыру түрінде, 128 ата-ана балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы