Алматыда IT-мамандардың форумы өтіп жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жастары конгресі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Алматыда «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» өтіп жатыр.
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жастары конгресі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Алматыда «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» өтіп жатыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» − Қазақстанның қазіргі IT-мамандары, ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері, сондай-ақ стартап-жобалар, бағдарламалау, веб-дизайн, киберқауіпсіздік, smart-технологиялар және сайт/мобильдік қосымшалар құрастыруға қызығушылық танытатын басқа да жастарды IT-саласының қыр-сырына үйрететін ерекше жоба.
Жоба менеджері Мәулен Молдабеков мұндай форумдар жас IT-мамандарының кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізетінін айтады.
«Форум IT-салаға қызығатын жастарды қолдауға арналған, сонымен қатар ең үздік IT-жобалардың жүзеге асуына грант бөлетін боламыз», - дейді ол.
Форумға 16-29 жас аралығындағы Қазақстан азаматтығы бар түрлі ұлт өкілдері қатыса алады.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» жобасы 3 айға созылады әрі Қазақстанның бүкіл 17 аймағын қамтиды. Аймақтық IT-жобалар аллеясы нәтижесінде үздік 80 жоба таңдалынып, жоба иегерлері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «ҚХА Жастар Синергиясы Форумы» Республикалық форумына жолдау алады.