21 Сәуір 2023 2023, 10:15 Фото: almaty.tv

Алматыда жартылай марафонға байланысты жолдар жабылады

Жексенбі, 23 сәуірде қалада жыл сайынғы Алматы жартылай марафоны өтеді, деп хабарлайды, BAQ.KZ.

Жексенбі, 23 сәуірде қалада жыл сайынғы Алматы жартылай марафоны өтеді, деп хабарлайды, BAQ.KZ.

Іс-шараға 7600-ден астам адам қатысады. Биыл бұл спорттық сайыс мегаполисте алтыншы рет өтеді. Жүгіру кезінде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Бұл дерек спортшылардың орташа жылдамдығын ескере отырып есептелген. Жүгіріп өткен сайын жолдар ашылып отырады. Көлік қозғалысының шектеуін ескеріп, қала ішіндегі бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап алыңыз, - делінген Алматы әкімдігі таратқан хабарламада.