Алматыда жарты жылдың ішінде 31 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек атап өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі

2023 жылы қалалық мансап орталығы ашылды. Іске қосылған сәттен бастап оған 4 мыңнан астам жас келді. Барлығы орталық 3 мың адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетті. Өзекті мамандықтарды оқытудың 33 қысқа мерзімді курсы іске қосылды. 2024 жылдың басынан бастап 4,1 мың жас оқудан өтті, оның 2,9 мыңы жұмысқа орналастырылды, ал 1,2 мыңы тағылымдамадан өтіп жатыр.  2024 жылдың қаңтар айынан бастап барлығы 31,3 мың жас жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты – 24,5 мың, уақытша – 6,8 мың, - деді Азиз Кажденбек.

"Мансап күндері” қала базарларында өткен. 

Сондай-ақ "Жасыл ел" ұлттық жобасы аясында 1,2 мың жас уақытша жұмысқа орналастырылды. 2024 жылдың қыркүйегіне қарай 2,1 мың жасты қамту жоспарланып жатыр. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы