Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды
Алматы, BAQ.KZ. Шығыс айналма жолының бойында жантүршігерлік жол апаты болып, көлік жүргізушілерінің бірі мерт болды.
Бұл туралы Almaty.tv хабарлады.
Тойота Калдина мен Мерседес Гелендваген автокөліктері қаланың солтүстік бағытына қарай жүйіткіп бара жатқан. Куәгерлердің сөзінше, жүргізушілер өзара жарысқан көрінеді.
Жол талғамайтын автокөлікті тізгіндеген азамат Диваев көшесіне жетпейтін жерде рөлге ие бола алмай арыққа қарай шығып кеткен. Бейнежазбада көліктің аударылып барып жол үстіне бір-ақ тоқтағаны байқалады. Ал ішіндегі жүргізуші салоннан ұшып кеткенге ұқсайды. Өкінішке қарай, қатты соққыдан Гелендваген иесі сол жерде жан тәсілім еткен. Оқиға орнына келген полицейлер Мерседестің алдыңғы нөмірі алынып, машинаның жүксалғышында жатқанын анықтаған. Ал тойота көлігінің тіркеуден алынып тасталғаны белгілі болған, - делінген хабарламада.
Қазір полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын тексеріп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы