Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Үш адам қаза тапты
Қайғылы жағдай Медеу ауданында болған.
Алматыда қарсы жолаққа шығып кеткен көлік соңы адам өліміне әкелген жол апатына ұласты. Түнде мегаполисте әл-Фараби даңғылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласы әкімшілік полиция басқармасының кезекші бөлімінде хабарланғандай, жол-көлік оқиғасы бүгін, 21 наурызда сағат 03:30 шамасында Алматының Медеу ауданында болған.
Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Мендікулов көшесімен қиылыста қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан шығысқа қарай келе жатқан Mercedes маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде Mercedes көлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті.
Zeekr көлігінің жүргізушісі дене жарақаттарымен қаланың ауруханаларының біріне жеткізілген.
Мегаполис полиция департаментінің мәліметінше, үш адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
- ШҚО-да қос азаматтығы бар 6 шетелдік елден шығарылды 20:56
- Қазақстанда отбасымен бірге ең көп оқылатын TOP-10 кітап анықталды 20:22
- Telegram-да пікір қалдырған қазақстандық қамауға алынды 19:58
- Қырғызстандағы сел: Тасқын су көліктер мен бір отар қойды ағызып әкетті 19:41
- Ұшақта полиция қызметкерін балағаттаған әйел жауапқа тартылды 19:20
- Мыңдаған жүрекке үміт сыйлаған: Қазақстан кардиологияда әлемдік деңгейге шықты 18:52
- Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығы: Президент жаңа елшіге бірқатар тапсырма берді 18:45