Алматыда жаңажылдық жәрмеңке өтеді

Алматы, BAQ.KZ. 24-26 желтоқсанда Мемлекеттік орталық музейі  «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығымен бірлесіп, жаңа жылдық жәрмеңкесін өткізеді.

Оған Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Грузия елдерінен келген қолөнер шеберлері қатысады.

Жаңа жыл - қуанышқа толы ғажайып мерекелердің бірі. Бұл нағыз  ғажайып пен армандар орындалатын, әр отбасы асыға күтетін ерекше мереке. Музей жыл сайын арт-көрмелерді өткізуді  дәстүрге айналдырған. Жәрмеңке келушілерді авторлық жұмыстарымен, сонымен қатар шеберлердің қолдан жасалған бұйымдарымен таныстырады. Он саусағынан өнер тамған шеберлердің жасаған зергерлік бұйымдары күні бүгінгі дейін  өз құнын жоғалтқан емес, керісінше күннен-күнге  ұлттық  зергерлік бұйымдарға деген қызығушылық артуда. Бүгінде қолмен жасалған эксклюзивті бұйымдар ерекше сұранысқа ие.

Жаңа жылдық мереке қарсаңында келушілердің назарына сыйлық және кәдесый өнімдерінің эксклюзивті авторлық жұмыстарының кең спектрі ұсынылады: ұлттық және бренд киім, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, мельхиор, алтын жалатылған және эмаль,  музыкалық аспаптар, шығыс миниатюрасы, табиғи материалдардан жасалған кәдесыйлар, янтарь, бисерден жасалған әшекейлер, керамикалық, киіз және жібек бұйымдары, кенепте, берестегі суреттер, қақталған сәндік бұйымдар, қолмен жасалған сабын, жаңа жылдық ойыншықтар және көптеген жұмыс.

Іс-шараның мақсаты-әр халықтың өзіндік ерекшелігін, халықтардың материалдық және материалдық емес мәдени мұрасының маңызды бөлігін айқындайтын құндылық ретінде халықтық көркем қолөнерді сақтау және дамыту, сондай-ақ елдер арасындағы достық қатынастарды нығайту.

Дәстүр бойынша жәрмеңке күндері қонақтар үшін музейдің барлық экспозициялық залдары, сондай-ақ музей қорынан уақытша көрмелер ашылады. Оның қатарында: «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылындағы Орталық мемлекеттік музейінің жетістіктері» (ҚР Мемлекеттік орталық музей қорынан); ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай этнограф-ғалым Тәттігүл Қартайдың «Этнографиялық экспедиция күнделігінен» атты фотокөрмесі және «Киімнің киелісі-кимешек» атты көрмесінде ХІХ – ХХ ғғ. екінші жартысындағы Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген қазақ әйелдерінің бас киімдері мен оларға зергерлік әшекейлер ҚР орталық мемлекеттік музейінің қорынан алынды.

Жәрмеңке-көрменің жұмыс уақыты: 24 – 26 желтоқсан, сағат 9.00-ден 18-ге дейін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы