Алматыда Жаңару күніне орай ағаш егу акциясы өтті

Алматының Әуезов ауданында Наурызнама аясында «Жаңа көшеттер – тың идеялар – ел дамуының жаңа кезеңі» атты көктемгі ағаш егу акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Көгалдандыру науқанына 70 адам қатысып, 125 ағаш отырғызды. 

Қаланың әр ауданында көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары басталып кетті. Игі шарадан Әуезов ауданының қариялары мен жастары да қалыс қалмады. Ағаш егуге аудандық ардагерлер кеңесі мен комьюнити орталығының мүшелері, аудан жастарынан 70 адам қатысып, 125 ағаш отырғызды. Бұл ағаштар салыстырмалы түрде аз күтімді қажет етеді. Бұл жолы біз шамамен екі метрлік көшет отырғыздық, оларды дереу байлап тастадық. Қазір олар бүршік атып жатыр. Біз ауа температурасына байланысты көшеттерді суарып тұрамыз, – дейді ұйымдастырушы Канат Амангелдіұлы. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы