Алматыда жанармай бекетіне шабуыл жасағандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26-ақпанда таңертеңгі сағат 04:00-де қара бетперде киген екі жігіт Жетісу ауданында орналасқан жанармай құю бекеттерінің біріне кірді, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қаскөйлердің біреуі бірден тапаншаны шығарып, кассир-операторға бағыттаған. Қарақшылар ақшаны алып, қылмыс орнынан жаяу қашып кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының тумалары 20 мен 24 жас аралығындағы үш ер адам анықталды. Барлық күдіктілер қамауға алынды. Тергеу әрекеттері ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде жүргізілуде. Олар мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталғандар Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қаскөйлер кассадан 135 мың теңгені алып шыққан, - деді, Жетісу аудандық басқарма бастығының м.а., подполковник Асхат Дәулетияров.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Полицейлер жолда қалған жүргізушіні жалғыз қалдырмады
Өзгелердің жаңалығы