Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бетперде киген үш адам жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
12 тамызда таңертең полицияға бетперде киген үш адамның жанармай бекетіне қарулы қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы хабарлама келді. Жедел-іздестіру шаралары барысында олардың Алматы қаласы аудандарының бірінде орналасқан жанармай құю бекетінің ғимаратына кіріп, тапаншамен қорқытып, 52 мың теңгені иемденіп, кейін белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталды.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде осы қылмысты жасаған екі ер адам ұсталды. Олар Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты, біреуі бұрын сотталған, олар Алматы қаласының ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіге қатысты іздеу және қамауға алу шаралары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-та полиция тағы бір қара нәсілді адамды атып өлтірді
Өзгелердің жаңалығы