Алматыда жанар-жағармай жеткізушісіне 500 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда жанар-жағармай ірі жеткізушісінен 500 млн теңге айыппұл өндірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Прокурорлар жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады. 

Прокуратура «Petrosun» ЖШС қызметінен жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады. Тексеру барысында серіктестік монополиялық жағдайын теріс пайдаланып, жекелеген субъектілерге бензин мен дизель отынын сатуды негізсіз шектегендігі анықталды, бұл ӘҚБтК-нің 159-бабы талаптарына қайшы келеді. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бәсекелестік саласындағы уәкілетті орган ЖШС-ға қатысты кірістің 5% мөлшерінде айыппұл сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен серіктестік әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Апелляция сот шешімін өзгеріссіз қалдырғаннан кейін 542,9 млн. теңге мөлшеріндегі айыппұлдың барлық сомасы мемлекеттік бюджетке төленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы