3 Қазан 2023 2023, 15:26 Фото: видеодан скриншот

Алматыда жанар-жағармай тиелген көлік өртенді

Алматылық өрт сөндірушілер жанармай құю бекетінің маңынан шыққан өрттің алдын алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматылық өрт сөндірушілер жанармай құю бекетінің маңынан шыққан өрттің алдын алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, 3 қазан күні сағат 11:14-те Түрксіб ауданы Бурундайская көшесінде өрт туралы хабарлама келіп түскен. 

Өрті сөндіруге 13 қызметкер мен 2 бірлік техника жіберілді. ГАЗ 47-532 112 жүк көлігінің шанағынан 4 шаршы метр аумақта ашық жалынның жанып жатқанын анықталды. Автокөлікте жанар-жағармай құйылған бөшкелер болған. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші оқиға кезінде қатты қорыққан, қазір жағдай тұрақты, - делінген ТЖД таратқан хабарламада.

№ 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері жанып жатқан машинадан бес бос бөшкені эвакуациялаған. Өрт 11:35-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің шығу себебі - көлік салонындағы қысқа тұйықталу болған.

Видео: Kris_p_almaty