Алматыда жаңадан 50 аялдама салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының Алатау ауданында биыл жаңадан 50 аялдама салынады. Осылайша, қоғамдық көлік аялдамаларының жетіспеушілігі толық шешілмек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы әкімінің айтуынша, Алатау ауданында маршруттық желілер, жылжымалы құрам, сондай-ақ автобус аялдамалары жетіспейді.

Бұл проблемалар «Алғабас», «Теректі», «Рахат-Мәдениет», «Ұлжан-2», «Шаңырақ-1», «Қарасу», «Саялы-2» шағын аудандарында бар.

Осы шағын аудандарда 15 маусымға дейін 3 жаңа маршрут ашылады, 4 маршрут (№109, 129, 25, 57) ұзартылады және күшейтіледі. Сонымен қатар, №115 маршруттағы барлық жылжымалы құрам жаңартылды.

Бүгінде бүкіл аудан аумағына 50 жаңа аялдама қажет. Жыл соңына дейін біз олардың салуын қамтамасыз етеміз. Осылайша, аяладама жетіспеушілігін толық шешеміз, – деді Ерболат Досаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы