Алматыда жаңа қосалқы станция іске қосылады
Алматыда маусым айында «Алмагүл» электр қосалқы станциясы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы қаласының Бостандық ауданында инженерлік желілерді жаңғырту бойынша жобалар жоспарлы түрде іске асырылуда.
Мұны Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде атап өтті. Ауданның 200 мың тұрғыны үздіксіз электрмен қамтамасыз етіледі. Бұған маусым айында іске қосылатын жаңа электр қосалқы станциясы септігін тигізеді.
Қаланың оңтүстік бөлігін энергиямен қамтамасыз ету сапасын жақсарту үшін «Алмагүл» шағын ауданында электр қосалқы станциясы салынып, ұзындығы 4,8 км болатын жаңа кабель желісі төселді. Бүгінгі таңда подстанцияға электр қуатын беру жұмыстары аяқталып келеді. Қосалқы станцияны маусым айында іске қосу жоспарланған, - деді әкім.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Депутат Кентауды экологиялық аймаққа жатқызуды сұрады
Өзгелердің жаңалығы