Алматыда «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» атты митинг өтіп жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда бүгін, 19 наурызда Ш. Уәлиханов ескерткіші алдында «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» тақырыбында бейбіт шеру ұйымдастырылды.

Рұқсат етілген митингке 2-3 мың шамасында адам жиналды және Amanat партиясының мүшелері мен депутаттар «Жаңа Қазақстанды құру»  жөнінде сөз сөйледі.

Қазақстанда демократия мен плюрализм үшін барлығымыз күресетін боламыз. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партияларды тіркеуден өткізу жөніндегі заңды қабылдауды тапсырды. Енді Қазақстанның әрбір азаматы саясатпен айналысуға, мәжіліске, мәслихатқа, сайлауға қатысуға және сайлауға түсуге өзінің Конституциялық құқығын пайдалана алады. Конституция өзгерген соң еліміз Батысты демократия моделінің принципіне барады, – деді мінберден сөйлеген депутат Ерлан Саиров.

Сонымен қатар ол Қазақстанды өркендету жолында бірге болуға шақырды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан қаралы қаңтар кезінде халықты отқа итергендерді айыптап, Жаңа Қазақстанды құруға жұмыла күш салу қажеттігін айтты.

«Бір күн ұрыс болған жерде – қырық күн ырыс болмайды» деген сөз бар. Күні кеше көңілді толқытқан Қаңтар қасіреті бізді жаңа үлгіге бастау керек. Сол күндері барлығымызды сүріндіріп, көзімізге жас келтірген жағдай кімнің қолымен жасалды, кімдер үшін жасалды? Мұның барлығы жаңаруға, жасампаздыққа, трансформацияға көшкен қазақ қоғамын көре алмай, соған кедергі келтіру үшін жасалған қадамдар. Сол күндері Amanat партиясы фракциясының мүшелері сизоларда болып, қамалғандардың, қара жамылған адамдардың  жағдайымен танысып оны елге, тиісі органдардың алдына жеткізуге күш салды, – деді ол.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы