Алматыда жаңа қала маңы бағыттары ашылды

Алматыда мегаполистің агломерациямен көлік байланысын арттыру аясында қала маңындағы қоғамдық көлік маршруттары ашылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Осылайша, 28 қазаннан бастап №237, №257 және №258 маршруты іске қосылды, ал 1 қарашадан бастап №239 маршруты іске қосылады деп жоспарланып отыр.

№237 «Барлық базары – Қаратөбе ауылы» бағытындағы маршрутта үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:05. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС.

№257 «№7 қалалық аурухана – Еңбекші ауылы» бағытындағы маршрутта да үлкен сыйымдылықтағы 5 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – «Қаскелең автобус паркі» ЖШС.

№258 «Жетісу базары – Өстемір ауылы» бағытындағы маршрутта 2 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:40, аяқталу уақыты – 22:01. Тасымалдаушы – «Самат-Транс» ЖШС.

№239 «Б. Момышұлы метро бекеті – Долан ауылы» бағытындағы маршрутта 18 автобус қызмет көрсетеді. Маршруттың жұмыс басталу уақыты – 5:30, аяқталу уақыты – 23:01. Тасымалдаушы – «Neo City Trans» ЖШС.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесіне сәйкес, бұл маршруттар конкурстар өткізілгенге дейін тасымалдаушыларға берілді және тестілік режимде жұмыс істейтін болады. Соның нәтижесінде жолаушылар легі мен халықтың қажеттілігі ескеріліп, қозғалыс схемаларына өзгерістер енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасымен әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа маршрут, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы