Алматыда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Алматы, BAQ.KZ.  Бүгін 12 наурызда Алматының Жетісу ауданындағы Кэмел шағын ауданында Мемлекет басшысы жариялаған балалар жылы аясында «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Ондағы секциялар мен үйірмелер балаларға тегін болады.

Кешенде көркем гимнастика, эстетикалық топтық гимнастика, бадминтон және шығыс жекпе-жегінің әртүрлі түрлері, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шахмат, тоғыз құмалақ секциялары жұмыс істейтін болады.

Ғимараттың жалпы ауданы – 2500 шаршы метр, жобалық қуаты – ауысымына 94 адам. Кешеннің құрылысы өткен жылы салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен тұрғындар арасында спортты насихаттау, сондай-ақ ауданды кешенді дамыту мақсатында «Шетсіз қала» жобасы аясында басталды.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы