Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды
Алматының Түрксіб ауданында "Қайрат" шағын ауданынан "Райымбек" метросына дейін жаңа автобус бағыты ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұрғындардың өтініші бойынша көлік желісіне 8 автобусы бар №9 жаңа бағыт іске қосылды. Ол "Қайрат" шағын ауданынан "Райымбек" метросына дейін жүретін болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Қала билігі қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Ағымдағы жылдың соңына дейін Түрксіб ауданының көлік желісіне 130 жаңа бірлік шығады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы