Алматыда жаңа алма бақтар пайда болды
Алматы әкімі Ерболат Досаев дәстүр бойынша тұрғындармен бірге алма ағашын отырғызды «Таза Қазақстан» республикалық науқаны мен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Алматы – бақ қала» акциясы өтті.
Негізінен көшеттер Саялы шағын ауданындағы Қарағайлы орманға, «ALA» саябағында және Боралдай өзенінің бойында бақылау алаңының жаны сынды Алатау ауданындағы үш жерге егілді. Қарағайлы орманындағы акцияға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты.
Тұрғындар мен экобелсенділермен бірге ҮАК бойындағы саябаққа 500 алма және 500 өрік көшеті отырғызылды. Ал «АLA» саябағының аумағында 2270 көшет отырғызылды.
Ағаш отырғызу үшін Алматының барлық аудандарында арнайы орындар белгіленді. Шаһар басшысы мен қала тұрғындары БАК бойындағы саябаққа 500 алма ағашы мен 500 өрік отырғызды.
Шараға қалаға бей-жай қарай алмайтын тұрғындар қатысып жатыр. Біз де депутаттық корпус ретінде келдік. Бүгінгі күннің ерекшелігі сол, біз жеміс ағаштарын отырғызудамыз. Біраз уақыттан кейін біздің қала өзінің апортымен, жеміс-жидектерімен танымал болып, өзінің даңқын қайтарады,— деді Алматы мәслихатының утаты Әсия Ақанова.