Алматыда жалған вакцинация паспортын сатып келген емхана меңгерушісі ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласында жалған вакцинация паспорттарын жасап беріп жүрген емхана меңгерушісі, оның қоластындағы қызметкерлері және делдалдары ұсталды.
Бұл туралы Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметінен хабарлады.
Олар бүкіләлемдік пандемия кезінде, сондай-ақ қалада коронавирустың таралуын шектеу мақсатында енгізілген карантин кезінде Алматы қаласының аумағында ақшалай сыйақыға 100-ден астам жалған вакцинация паспорттарын жасады деп күдікке ілініп отыр. Яғни олар ҚР ДСМ Вакцинация электрондық модулінде вакцина алу туралы жалған белгілер қойған. Соның негізінде Еgov.kz электрондық үкімет порталында коронавирусқа қарсы жалған вакцинацияның электрондық паспорттары жасалған, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы