Алматыда жалған банкноттарды сатумен айналысқан топ құрықталды

Алматыда 10 000 теңгелік жалған банкноттарды сатумен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында қылмыстық әрекеттің заттай айғақтар - жалған банкноттар, ұялы телефондар және басқа да заттар табылып, тәркіленді. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бір күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. 

Қазір екінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа тұлғалардың заңсыз әрекеттерге қатысы анықталуда. Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді, - деп мәлімдеді агенттік.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Егемен Қазақстан
Өзгелердің жаңалығы