Алматыда жалған ақша жасағандар сотталды
Алматы, BAQ.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қалада жалған доллар купюрасын жасап келгендер сотталғанын мәлімдеді.
Департаменттің мәліметінше, екі адамнан тұратын қылмыстық топ 2020 жылдың тамыз айында ұсталған. Олар Алматы аумағында жалған 100 долларлықтың 42-сін пайдаланып үлгерген.
Соттың үкімі бойынша айыпталушылар ҚР ҚК 231-бабы 2-тармағы 2,3-бөлімі бойынша (жалған ақша немесе бағалы қағазды жасау, сақтау немесе қолдану) кінәлі деп танылды. Күдіктілер 3 және 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мембранозды нефропатия ауруы жайлы не білеміз?
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы