Алматыда жалғызбасты аналарға көмек көрсету шаралары қаралды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалық етуімен қалалық "Үміт үйі" КММ Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Оған қалалық білім, қоғамдық денсаулық басқармаларының өкілдері, Алматы қаласы әкімінің әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі инспекторы қатысты.Отырыс барысында жалғыз басты аналарға көмек көрсету шаралары қаралды. "Үміт үйі" мекемесі жұмыс жасаған кезеңнен бері 617 бала тәрбиелеп, шығарды. Бүгінгі күні ұйымда қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 6 топта 40 бала тәрбиеленуде. Мұнда туған кезінен бастап 7 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен олардың шынығып, мықты болуына, психикалық және рухани-адамгершілік дамуына ықпал ететін барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Канелоның" кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
Келесі жаңалық
Абай облысындағы жарылыс: Мектеп қазандығы жаңартылды
Өзгелердің жаңалығы