Алматыда зейнеткерлерді тонаған әйелдер ұсталды
Алматыда әртүрлі сылтаумен пәтер тонап жүрген екі әйелді ұсталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Олар қарт адамдардың үйлерінен жасалған бірқатар ұрлыққа қатысы бар деп күдіктелуде.
Тергеу мәліметінше, әйелдер зейнеткерлердің үйіне түрлі сылтаумен кірген. Бір эпизодта олар өздерін кітап таратушылармыз деп таныстырып, пәтерге кірген соң үй иесінің назарын басқа жаққа аударып, су әкеліп беруін сұраған. Осы сәтте ақша мен бағалы заттарды ұрлап кеткен. Бір жағдайда олар 4 миллион теңге ұрлаған.
Екі күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың қалада жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – деді полицияда.
Полиция қала тұрғындарын сақ болуға, бейтаныс адамдарды үйге кіргізбеуге және күмәнді жағдайларда бірден 102-ге хабарласуға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құмар ойынға құл болған: әкімдіктің 54 қызметкері анықталды
Келесі жаңалық
Римде 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды
Өзгелердің жаңалығы