Бүгiн 2026, 13:27 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Алматыда зейнеткерлер арасындағы депрессия 50%-ға азайған

Зейнеткерлер арасындағы депрессия мен жалғыздық сезімі азайған.

Алматыдағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына» баратын зейнеткерлер арасында депрессия деңгейі 50%-ға, ал жалғыздық сезімі 55%-ға төмендеген. Бұл туралы Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» директоры Сауле Бекетаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, орталықтар егде жастағы азаматтардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың қоғамнан оқшауланып қалмауына да көмектесіп отыр.

Зерттеу нәтижелері бойынша депрессия деңгейі 50%-ға төмендеді, ал жалғыздық сезімі 55%-ға азайды. Қатысушылардың 70%-дан астамы физикалық және эмоционалдық жағдайының жақсарғанын айтты. Бұл жобаның тиімділігін көрсетеді, – деді Сауле Бекетаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында.

Сауле Бекетаева орталықтардың барлық ауданда орналасуы егде жастағы адамдар үшін қызметтердің қолжетімді болуына мүмкіндік беретінін айтты.

Қазір Алматыдағы орталықтардың қызметін 18 мыңнан астам зейнеткер пайдаланып келеді. Осы уақытқа дейін оларға 222 мыңнан астам қызмет көрсетілген.