Алматыда зейнеткерді автобус қағып кетті

Жол апаты қаланың Бостандық ауданындағы Тимирязев көшесінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалда автобус зейнеткердің аяғын басып кеткенін көруге болады.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Автобус жүргізушісі Тимирязев көшесімен келе жатып, солға бұрылып, көшені дұрыс емес жерден кесіп өтіп бара жатқан қарт адамға соғылған. Оқиға салдарынан 1938 жылы туған зейнеткер дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қылмысты тергеуге кірісті.

Дәрігерлердің айтуынша, науқас жансақтау бөлімінде жатыр.

Науқас Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл ота жасалған. Қазір науқастың жағдайы ауыр және тұрақты деп бағаланады. Ол жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында, - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы