Алматыда өзенді белгісіз көбік басты

Алматы, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде өзенді белгісіз көбік басқан видео тарады. 

Аталған ролик kris_p_kz паблигінде жарияланды. Видеодан сарқырап аққан өзен суына кір жуатын ұнтақ қосқан сияқты белгісіз көпіршік басқанын көруге болады.

Әлеуметітк қолданушылар бұл көрініске наразалақ танытып, "соңғы кезде адамдар табиғатты ластаудан жарысып жатыр ма?" деген пікірлерін қалдырған. 

Кейбірі бұл видеоның Қазақстанда емес, Ресейде түсірілген болуы мүмкін деген ойларын білдірді.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
23 шілде күні әлеуметтік желіде Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің көпіріп аққан видеосы тарады. Экология департаментінің қызметкерлері оқиға орынан барды. Алайда олар барған кезде су тазарған. Олар тау суының сынамасын алып, сол маңдағы адамдардан не болғанын сұрастырған. Тұрғындардың айтуынша, экологтар келгенге дейін екі сағат бұрын су расымен де көпіріп аққан, - деді Жолдасов. 

Суды неліктен көбік болып аққаны анықталмаған, экология департаментінің мамандары су ағынын зерттеп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы