Алматыда заңсыз жүрген шетелдіктер елден қуылды
Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматының түкпір-түкпіріне түрлі елдерден келген алты және көршілес мемлекеттерден келген бір шетелдік анықталды.
Олар жеке құрылыс алаңында, мейрамхана мен көлік жуу орнында заңсыз жұмыс істеген.
Шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар ПД-ның қабылдап-таратуына орнатылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, осы күндері Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонның және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.