Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды

Алматыда заңсыз жүрген Нигерия азаматтары елден шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жолы Алматының көші-қон қызметі Нигерияның 9 азаматын әуе көлігімен тасымалдауды ұйымдастырды.

Бұлар Қазақстанда жүрген кезінде көші-қон заңнамасын бұзған, атап айтқанда, заңнамада белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпаған. Бұл азаматтар соттың шешімімен мемлекетімізден шығарылған болаитын. Айта кетейік, бұл іс-шара бірнеше кезеңнен тұрады, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 19 азаматы өз елдеріне қайтарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы