Алматыда заңсыз жүрген 30 шетелдік елден қуылды

Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы барысында еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 2 380 адам анықталды, олардың 813-і шетелдік азамат. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаментінің қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 387 шетел азаматы орналастырылды. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз етпеген 349 азаматқа қатысты әкімшілік шара қолданылды, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ ол Тәжікстан мен Өзбекстанның 30 азаматы елден шығарылғанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы