Алматыда заңсыз жұмыс істеген 22 шетел азаматы анықталды
Шетелдіктер Түрксіб ауданындағы құрылыс нысандарының бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасы мәлімдеді,
Көші-қон қызметі қызметкерлері рейдтік шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтады. Түрксіб ауданындағы құрылыс нысандарының бірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген 22 шетел азаматы анықталды. Олардың 9-ына тиісті рұқсатсыз, визада немесе басқа құжатта көзделген мақсатынсыз жұмыс істегені үшін әкімшілік материалдар толтырылды. Қалған 13 адамға алдын алу шаралары қолданылды. Олардың барлығы Алматы қаласы ПД-нің қабылдау-таратуына орналастырылды,- деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі Басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Қазіргі уақытта заң бұзушылыққа жол берген жұмыс берушілерді жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осындай тексеру Алатау ауданында да жүргізіліп, ғимараттарды жөндеп жүрген 9 шетелдік азамат анықталды. Олар да Алматы қалалық ПД-нің ҚТ-на орналастырылған.