Алматыда заңсыз салынған үш қабатты нысан бұзылады

Соттың шешімімен Алматы қаласы Медеу ауданында салынған нысанды бұзу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, құрылысқа рұқсат беру құжаттарының пакеті жоқ, ол жоспардан тыс тексеру барысында анықталды.

Нәтижесінде меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты жол берілген бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылданды.

Меншік иесі нұсқаманың талаптарын орындамағандықтан, бұзу туралы талап арыз аудандық сотқа жіберілген.

2024 жылғы 7 ақпанда Медеу аудандық сотының шешімімен басқарманың талап арызы қанағаттандырылды. 2024 жылғы 27 мамырда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Нысанды бұзу бүгін қаланың Әділет департаментінің қатысуымен басталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы