Алматыда заңсыз салынған монша кешені сүріліп жатыр

Алматыда Кіші Абай көшесі, 190 мекенжайында орналасқан заңсыз салынған монша кешені бұзылып жатыр. Бұл туралы қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында нысан иесінің ешқандай рұқсат құжаттарынсыз құрылысты жүргізгені анықталған. Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қолданылып, заң бұзушылықты жоюға нұсқама берілген.

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 22 қарашада нысанды бұзу туралы шешім қабылдаған. Ұзаққа созылған сот талқылауларынан кейін, 2025 жылғы 2 маусымда Алматы қалалық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Бүгін сот орындаушыларының қатысуымен заңсыз салынған нысанды сүру жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы