Бүгiн 2026, 09:47
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Алматыда заңсыз салынған дәмхана сүріліп жатыр
Меншік иесі нысанды ерікті түрде бұзуды бастаған.
Алматыда Розыбакиев көшесі, 166 мекенжайында орналасқан дәмхананың заңсыз салынған жазғы террасасы бұзылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері мәлімдеді.
Басқарманың мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында мамандар тұрғын емес ғимараттың қасбет жағынан рұқсатсыз салынған қосалқы құрылыстарды анықтаған. Сонымен қатар, нысандар пайдалануға беру актісіз қолданылған.
Тексеру нәтижелері бойынша акт шығарылғаннан кейін меншік иесі заңсыз нысанды ерікті түрде бұзуды бастаған.
Қазіргі таңда қосалқы құрылыстардың бірі толық бұзылды, ал меншік иесі екіншісін сүруге кірісті.